Оралда ақша бопсалаған 23 жастағы жігіт ұсталды.

Орал қаласында 23 жастағы жергілікті тұрғын бопсалау күдігімен ұсталды. БҚО полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы анықтағандай, күдікті 3 жыл бойы бұрынғы қызының фотосуреттерін интернетке таратамын деп қорқытып, одан ақша талап еткен. Осы уақыт аралығында жәбірленуші оған 9 млн теңге берген.

«Бопсалау фактісі банктік аударым және мессенджердегі хат-хабарлармен дәлелденген. Күдікті 150 мың теңге көлеміндегі қаражатты кезекті рет алған сәтінде қылмыс үстінде ұсталды», – делінген хабарламада. 

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

БӨЛІСУ