КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Ағымдағы жылдың 30 шілдесінде өткізілген Агенттіктің Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысында 5 мәселе қаралды.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселемен Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары, әдеп кодексі бұзушылықтарының профилактикасы бағытында атқарған жұмыстары тыңдалды.
Кеңес отырысындағы келесі мәселемен Қызылорда мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің әдеп жөніндегі уәкілінің атқарған қызметінің нәтижелері қаралып, тиісті ұсыныстар енгізілді.
Сонымен қатар, Кеңес отырысында мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының 2025 жылдың ІІ тоқсанында атқарған жұмыстарына жүргізілген талдау нәтижелері қаралып, Кеңес шешімімен бірнеше мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау бағытында оларға қатысты негізсіз қолданылған тәртіптік жазалардың күшін жою туралы ұсыныстар енгізілді.
Күн тәртібіндегі соңғы мәселелермен Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасарының тәртіптік жазасын мерзімінен бұрын алу мәселесі қаралып, аталған ұсыныс қызметкердің жұмыстан шығуына байланысты қараусыз кері қайтарылса, ал Қызылорда қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісінің тәртіптік жазасын мерзімінен алуға Кеңес шешімімен келісім берілді.

БӨЛІСУ