ҚҰРЫЛЫС САПАСЫ ЕРЕКШЕ НАЗАРДА

«Қазақстан темір жолы» компаниясы Жаңақорған кентіндегі теміржол вокзалын күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі таңда вокзалдың аралық қабырғаларын бұзу, сылақтарын түсіріп, қайта сылау, қас бетін қаптау жұмыстары атқарылуда.

Аудан әкімі Мажит Самитов вокзалдың күрделі жөндеу жұмыстарын тексеріп, мердігер мекеменің жауапты өкіліне пайдаланылатын құрылыс материалдары мен жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасына қатаң мән беру керектігін айтты.

Күрделі жөндеу жұмыстарын бас мердігер «Дәнекер» ЖШС жүргізуде.

БӨЛІСУ