Сырдария аудандық «Руханият» орталығында ұлы ақын, ойшыл, қазақ әдебиетінің дара тұлғасы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Асыл сөздің зергері – Ұлы Абай» атты аудандық Абай оқулары байқауы өтті.
Жас қатысушылар Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін мәнерлеп оқып, көркем сөз өнерін дәріптеді.
Шара барысында жас буынның әдебиетке, сөз өнеріне, ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігі айқын көрінді.
Мерекелік кеш «Абай жолы – дара жол» атты қойылым-концертімен жалғасты.