Қызвлорда қаласында жаңадан бой көтерген сол жағалау мөлтек ауданында ашылған Оқушылар сарайы жаз мезгілінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру бағытында жүйелі әрі ауқымды жұмыстар атқарып келеді. Заманауи үлгіде жабдықталған бұл оқу орны өнер, ғылым, техника және спорт бағытындағы 19 түрлі үйірмемен жұмыс істейді.
Жалпы оқу жылында бір мезетте 350 балаға дейін қабылдауға мүмкіндігі бар мекемеде бүгінде 500-ге жуық бала түрлі үйірмеге тартылған. Сонымен қатар мекеме жанынан ашылған “ЖағаLive” күндізгі тынығу лагерінде 300-ге жуық бала қамтылған.
Жазғы кезеңде балалар тек демалып қана қоймай, өз қызығушылықтарына сай шығармашылық қабілеттерін шыңдап, жаңа дағдыларды меңгеріп, уақыттарын мазмұнды әрі пайдалы өткізуде.