ТУРИЗМ ТАЗАЛЫҚПЕН ДАМИДЫ

Шиелі ауданы әкімдігі «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында және аудан аумағындағы туристік аймақтарды абаттандыру мақсатында Бәйгеқұм ауылдық округіндегі «Ханқожа» көлі маңында тазалық жұмыстарын ұйымдастырды.

Игі шара барысында қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау және экологиялық мәдениетті арттыру бағытында көл маңы қоқыстан тазартылып, тазалық жұмыстары жүргізілді.

Тазалық – әр азаматтың ортақ міндеті. Мұндай игі бастамалар табиғатқа деген жауапкершілікті күшейтіп, оны аялау мәдениетін қалыптастыруға жол ашады.

БӨЛІСУ