Комиссия төрағасы Бектас Нуридиновтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Аталған жиынға комиссия мүшелері, прокуратура өкілі және тиісті мекеме басшылары қатысты.
Комиссияның күн тәртібінде:
1. «Құқық бұзушылықтың профилактикалық шаралары, 2025 жылғы 6 айдың қорытындысы туралы» — Жаңақорған аудандық полиция бөлімі, Жергілікті полиция бөлімшесінің Ювенальды полиция тобының аға инспекторы М.Мақсұтов хабарлама жасады.
Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, тиісті мекеме басшыларына тапсырмалар берілді.