ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ МАҢЫЗДЫ

Қызылорда қаласы бойынша 186 жалғыз басты бөгде адамның көмегіне мұқтаж қарттарға «Мүгедектігі бар адамдар мен қарттарға үйде қызмет көрсету» бөлімшесі арқылы және үйде қызметтер көрсету жағдайында 270 мүгедектігі бар балаға «Мүгедектігі бар балаларға үйден арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету» бөлімшесі арқылы 8 түрлі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілуде.

Белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдардың уақытша болуына арналған бейімдеу орталығымен 82 қызмет алушыға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілуде.

Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығымен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар ішінен 359 адамға(пробация қызметінің есебінде тұрғаны-253, жазасын толық өтеп шыққандары-83) құқықтық, психологиялық көмектер көрсетілді.

Зейнеткерлерге жартылай стационарлық жағдайда әлеуметтік қызмет көрсету орталығымен күндізгі жартылай стационарлық жағдайда 276 қызмет алушы ардагерлерге бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес күнделікті арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.

«Отбасын қолдау» орталығы мамандарымен жыл басынан баспана мәселесіне байланысты — 51, құқықтық консультациялар – 51, жеке консультациялар түрінде — 63, психологиялық -23, гуманитарлық көмек туралы 243 адамға кеңес беру жұмыстары жүргізілді. 200 өтініштер зерттеліп, жауап берілді.

Сонымен қатар, демеушілер тарапынан 1954 отбасыға көмек көрсетілді, атап айтқанда:

— «Наурыз» мерекесіне орай «Наурызнама» қайырымдылық акциясы аясында демеушілер тарапынан 650 отбасына (500-і қала, 150-і ауыл), «Зекет» және қайырымдылық» қорынан 300 отбасыға азық-түліктей көмек көрсетілді.

— «Құрбан айт» мерекесіне орай «Зекет» және қайырымдылық» қорынан 428 отбасына, «Ел Арай» қорынан 558 отбасына, қалалық прокуратура тарапынан 12 отбасына, «Халық банк» АҚ Қызылорда облыстық филиалы тарапынан 6 отбасыға азық-түліктей көмек көрсетілді.

Қалалық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімітарапынан тұрмысы төмен 5000 көпбалалы отбасыға «Мұз айдыны» және «Евразия» спорт кешеніне тегін талон таратылды.

БӨЛІСУ