Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков Шиелі аудандық электр торабының жұмыс барысын қарап, сала қызметкерлерімен кездесті.
⠀
Қазіргі таңда 220/110/35/10 кВ «Шиелі» қосалқы станциясында «Облыстық энергетика басқармасы» КММ-нің тапсырысы негізінде ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
⠀
Жоба аясында:
— Т-1 25000 кВА трансформаторы 40000 кВА-ға ауыстырылады;
— Т-2 10000 кВА трансформаторы 16000 кВА-ға жаңартылады;
— 220/35 кВ майлы ажыратқыштар заманауи вакуумды ажыратқыштарға ауыстырылып жатыр;
— Жедел басқару пульті жаңадан орнатылды.
⠀
Жобаның толық аяқталуы 2025 жылдың тамыз айына жоспарланған.
⠀
Аудан басшысы: «Электр – халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігінде аса қажет ресурс. Сондықтан бұл жұмыстар уақытылы әрі сапалы орындалуы тиіс» деп атап өтіп, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
⠀