Шиелі ауданында 1964 жылдан бері электр желісі үздіксіз жұмыс жасап, халықты тұрақты жарықпен қамтамасыз етіп келеді.
2018 жылы «Gechuba Shieli Cement» зауытының іске қосылуына байланысты 220/110/35/10 кВ «Шиелі» қосалқы станциясына қуаттылығы 32 000 кВА болатын 220/110/10 кВ Т-3 күштік трансформаторы орнатылып, қосалқы станцияны кеңейту жұмыстары жүргізілді. ⠀
2019-2020 жылдары Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) аясындағы инвестициялық жоба арқылы кент ішінде:
▪️ 93 шақырым 0,4 кВ әуе желісі жаңартылды;
▪️ 18 дана КТПБ-10/0,4 кВ қосалқы станция жаңғыртылды. ⠀
2023-2024 жылдары «Шиелі аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» КММ-нің тапсырысы негізінде:
▪️ 10 кВ әуе желісі – 26,91 шақырым,
▪️ 0,4 кВ әуе желісі – 18,6 шақырым,
▪️ 9 дана 10/0,4 кВ қосалқы станция жаңартылып, электр қуатын жеткізу сапасы айтарлықтай жақсартылды. ⠀
Қазіргі таңда «Облыстық энергетика басқармасы» КММ-нің тапсырысы негізінде республикалық бюджет есебінен 220/110/35/10 кВ «Шиелі» қосалқы станциясын толық қайта құру және жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. ⠀
Бұл жұмыстар – аудан халқының өмір сапасын арттырып, жарықпен қамту тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам. ⠀