Қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Мұхтар Жетілгенов бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне І жартыжылдықта салада атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар бойынша баспасөз конференциясын өткізді.
Қызылорда қаласы мен қалаға қарасты кент және ауылдық округтерде барлығы 33 519 кәсіпкерлік субъекті жұмыс жасауда. Бұл кәсіпкерлік субъектілерде 69 857 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, 721 млрд. 913 млн. теңгенің өнімі өндірілді.
— Есепті кезеңде негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 124 млрд. 217 млн. теңгеге жетті. Осы инвестициялардың нәтижесінде қалада биыл жалпы құны 233,6 млрд. теңгені құрайтын 13 инвестициялық жобаның жүзеге асырылуы көзделуде. Атап айтсақ, І жартыжылдықпен «Қызылорда Саз М» ЖШС-нің заманауи кірпіш шығару зауыты, «Қызылорда-Нан» ЖШС-нің нан-тоқаш кондитерлік өнім шығару кешені, машина жасау саласында «Марал-Нұр» ЖШС-нің вагон жөндеу депосы және «Панабек» ЖШС-нің жиһаз цехы іске қосылды. Сондай-ақ, «Rem Plast Invest» ЖШС-нің қағаз мен картон өндірісі, «Ayna Glass» ЖШС-нің жоғары технологиялы айна шығару зауыты, «Техоснастка-Ремсервис» серіктестігі мен «Тұмар» жеке кәсіпкерлігінің шағын өнеркәсіптік парктері, «Қаржаубаева» жеке кәсіпкерлігінің сауда үйі мен «Orhun Medical» ЖШС-нің медициналық орталығы жақын күндері өз жұмысын бастайды. Сонымен қатар, жыл соңына дейін қуаттылығы 240 мегаваттық жаңа жылу орталығы пайдалануға беріледі. Бұған қоса, биыл «With You E&C Kyzylorda» серіктестігінің Оңтүстік Корея технологиясы бойынша қатты қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу және «Seven Rivers Technologies» серіктестігінің шыны сынықтарын қайта өңдеу және кәдеге жарату желісі бар шыны ыдыстарды шығару зауытының құрылысы бастау алады, — деді бөлім басшысы.
Бұдан бөлек, сауда базарларын жаңғырту жұмыстары жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асуда. 2024 жылы «Сұлтан» базарын жаңғырту жұмыстары қолға алынып, қазір құрылысы аяқталуға жақын.
Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіпкерлік бастамаларды қолдау шаралары оң нәтижесін беруде. Соның бірі, ауыл тұрғындaрының әл-aуқaтын жaқсaрту мақсатында іске қосылған «Ауыл аманаты» жобасы аясында 238,83 млн. теңгені құрайтын 34 жоба қаржыландырылды. «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы микроқаржы ұйымы арқылы, жалпы құны 293,5 млн. теңгеге 7 жоба жоба қаржыландырылды. Аталған ұйымның «Іскер» бағдарламасымен қалаға қарасты кент және ауылдық округтарден 266,73 млн. теңгені құрайтын 30 жоба ұсынылды.
Екінші деңгейлі банктердің кәсіпкерлік мақсатта ұсынылған несиелерін Даму қорымен субсидиялау шаралары да жалғасуда. Жыл басынан бері 3 млрд. 691 млн. теңгені құрайтын 64 жобаға қаржылай қолдау көрсетілді.
Кәсіпкерлік секторында жұмыспен қамтылғандар саны 69 857 адамға жетті. Сондай-ақ, 721 млрд. 913 млн. теңгеге өнім өндіріліп, өсім 38,4%-ды (200 млрд. 228млн) құрады.
Ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында бөлшек сауданың нақты көлем индексі 103,9%-ды (167 млрд. 581 млн. теңге),көтерме сауда 106,5%-ды 102 млрд. 980 млн. теңге) көрсетті.
5 айдың қорытындысымен өнеркәсіп өндірісінің көлемі – 217 млрд 743 млн. теңгені (89,1%), құрап, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі – 38 млрд 117 млн. теңгеге(107,5%) жетті.
Негізіге капиталға тартылған инвестициякөлемі 124 млрд. 217 млн. теңгеге жетіп,өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 36,5%-ды құрады. Қазіргі уақытта, ағымдағы жылға жоспарланған жылдық меженің 38,4%-ы орындалды (меже 323,7 млрд. теңге).
Тартылған инвестициялардың нәтижесінде қалада биыл жалпы құны 233,6 млрд. теңгені құрайтын 13инвестициялық жобаның жүзеге асырылуы көзделуде.
І жарты жылдықпен «Қызылорда Саз М» ЖШС-нің заманауи кірпіш шығару зауыты, «Қызылорда-Нан» ЖШС-нің нан-тоқаш кондитерлік өнім шығару кешені, машина жасау саласында «Марал-Нұр» ЖШС-нің вагон жөндеу депосы және «Панабек»ЖШС-нің жиһаз цехы іске қосылды.
Сондай-ақ, «Rem Plast Invest» ЖШС-нің қағаз мен картон өндірісі, «Ayna Glass» ЖШС-нің жоғары технологиялы айна шығару зауыты, «Техоснастка-Ремсервис»серіктестігі мен «Тұмар» жеке кәсіпкерлігінің шағын өнеркәсіптік парктері,«Қаржаубаева» жеке кәсіпкерлігінің сауда үйі мен «Orhun Medical» ЖШС-нің медициналық орталығы жақын күндері өз жұмысын бастайды.
Сонымен қатар, жыл соңына дейін қуаттылығы
240 мегаваттық жаңа жылу орталығы пайдалануға беріледі.
Бұған қоса, биыл «With You E&C Kyzylorda» серіктестігінің Оңтүстік Корея технологиясы бойынша қатты қалдықтардысұрыптау және қайта өңдеу және «Seven Rivers Technologies» серіктестігінің шыны сынықтарын қайта өңдеу және кәдеге жарату желісі бар шыны ыдыстарды шығару зауытының құрылысы бастау алады.
Қалада сауда базарларын жаңғырту жұмыстары жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асуда.
2024 жылы Сұлтан базарының жаңғырту жұмыстары қолға алынып, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда базар құрылысы аяқталуға жақын.(жоба құны 790 млн. теңге)
Жаңғыртудың жол картасына енгізілген қалған 3 базардың құжаттары рәсімделіп, екінші деңгейлі банктермен несиелендіру бойынша келіссөздер жүргізілуде.
Анықтама үшін:
Қала аумағында 12 базар тіркелген
5 әмбебап базар («Жаңа» базар, «Сұлтан», «Сыбаға», «Қанат, «Талғат» базарлары) және 7мамандандырылған базар («Сәулет» шағын базары, «Гүлдана», «Ақтөре», «Сығанақ» базары, автокөлік, «Бұлан» мал базары және «Барыс» базары).
Сыбаға базары 710,0 млн;
Сұлтан базары 790,0 млн;
Асбол базары 2.5 млрд;
Талғат базары 2 млрд.
Жалпы құны 6 млрд. теңге.
Әмбебап базарларын жаңғырту жұмыстары аясында «Қанат» базары толық модернизациядан өтті (2014 жылы). (ҚР Сауда және интеграция министрлігінің 2024 жылғы 1 наурыздағы «Сауда базарларын жаңғырту жөніндегі жол картасы» № 123-НҚ бұйрығы.)
Бұдан бөлек, тұрақты бизнес пен кәсіпкерлік бастамаларды қаржыландыру шаралары оң нәтижесін беруде.
Мемлекет басшысының «Халықтың табысын арттырудың
2025 жылға дейінгі бағдарламасымен «Ауыл аманаты» жобасы қабылданғаны белгілі.
Биылғы жылы «Ауыл аманаты»бағдарламасы аясында
238,83 млн. теңгені құрайтын 34 жоба 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие алды (2024 жылдың қаражаты есебінен).
«Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» МҚҰ арқылы «Қызылорда облысының ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеуді дамыту» пилоттық жобасы аясында 293,5 млн. теңгеге
7 жоба қаржыландырылды.
Аталған ұйымның ««Іскер» бағдарламасымен қалаға қарасты кент және ауылдық округтардан 6 пайызбен несие алуға 266,73 млн. теңгені құрайтын 30 жоба ұсынылды.
Екінші деңгейлі банктердің кәсіпкерлік мақсатта ұсыналған несиелерін Даму қорымен субсидиялау шаралары жалғасуда. 2025 жылы жалпы құны 3 млрд. 691 млн. теңгені құрайтын
64 жобаға қаржылай қолдау көрсетілді.
Айта кету керек, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мемлекеттік бағдарламалар аясында бөлінетін қаражаткөлемі жыл сайын өсіп келеді және қолдау құралдарының тетіктері жеңілдетілуде.Сондай-ақ, әкімшілік кедергілерді азайтып,қолдау алу үшін өтінім беру механизмдеріавтоматтандырылған жүйеге енгізілуде.