“Жедел жәрдем қызметкерлері 4 жастағы бүлдіршіннің өмірін сақтап, сәтті реанимация жүргізді”,- деп жазады баспасөз қызметі.
1 шілде күні “103” пультіне хабарласқан ата-анасы “үй ауласындағы бассейнге түсу барысында аяғы тайып кетіп, тұншығып калды” деп көмек шақырған.
6 минут ішінде шақыру орнына V бригада фельдшері Жабаева Жансая мен Бекбай Даулет жетіп, тұншығып калған бүлдіршінге алғашқы көмекті көрсетті.
Науқасты алғаннан кейін жедел түрде ауруханаға бағыт алып, жол бойы балаға жүрек ритмдығы мен гемодинамиканың сәтті қалпына келуіне әкелетін реанимациялық шараларды жүргізіп келді. Сонымен науқастың халінің нашарлығына байланысты жақын маңдағы Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізіліп, баланың өмірін аман алып қалды.
Қазіргі таңда бүлдіршіннің жағдайы тұрақталған соң облыстық балалар ауруханасында жеткізілді.