Мемлекет мүддесін қорғау бағытында прокуратура органдары жүйелі түрде жұмыс жүргізуде.
Президенттің бастамасы және Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің жұмысы арқасында мемлекетке едәуір қаражат қайтарылды.
Бұл қаражат енді азаматтардың игілігіне жұмыс істеуде. Республика бойынша прокуратура органдарымен мемлекетке қайтарылған активтер есебінен 333 әлеуметтік жоба іске асырылуда. Нәтижесінде, Қызылорда облысында 14 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда.
Бұл жобалардың басты мақсаты — заңсыз иемденілген мүліктерді қайтарып, оны халықтың әлеуметтік қажеттіліктеріне бағыттау.
Осыған орай Жалағаш ауданының прокуратурасы аудан әкімдігімен бірлесіп орталығымыз Жалағаш кенті, Бұқарбай батыр мен Т.Қыстаубаев көшесінің қиылысына баннер орналастырып,халық назарына ұсынды.
Бұл – әділдік пен заң үстемдігінің нақты көрінісі.
Қайтарылған әрбір актив – халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды қадам.