Бүгін Әдеп жөніндегі уәкілдің ұйымдастырумен мемлекеттік қызметшілер арасында деструктивті діни ағымдардың алдын алу бойынша семинар өтті.
Облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Ерлан Бәкіровтың төрағалығымен өткен жиынға облыстық басқарма басшыларының орынбасарлары, әкімшілік бөлімдерінің басшылары мен кадр мамандары қатысты.
Семинарда облыстық дін істері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Серік Әбдіқадіров діни экстремизм мен терроризм туралы түсінік беріп, әлемде орын алған террорлық актілерге тоқталды.
Облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының аға теолог маманы, PhD докторант Бақтияр Оспанов деструктивті діни ағымдар, олардың зардаптары және зайырлылық қағидаттары туралы жан-жақты мәлімет беріп, жат ағымдардан сақтану жолдары бойынша тұщымды ақпараттармен бөлісті.
Іс-шараның мақсаты – дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, аудан тұрғындары арасында жат ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру және ақпараттық түсіндірме жұмыстары арқылы тұрғындардың діни ағымдар мен секталардың жетегінде кетуден сақтандыру болып табылады.
Ақпаратты кітап күйінде және интернет желісінде жаппай мыңдаған жалған діни ақпараттар таратумен айналысады. Жат діни ағымдардың іс-әрекеттеріне, экстремизмге тосқауыл қоюдың ең негізгі құралы ол – профилактика, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімді жүргізілуі және оңалту жұмыстарын ұйымдастыру.
Экстремизмге қарсы күрес жүргізуді екі жолмен жүзеге асыруға болады: ең алдымен, «оқшауланып» кетпеген, экстремисттік идеологияның қақпанына түспеген халықты ескерту мен олардың арасында профилактикалық жұмыстарды белсендірек атқару қажет»,- деп атап өтті.