ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ПОРТАЛЫ АРҚЫЛЫ МҮГЕДЕКТЕРДІҢ ТАПСЫРЫСЫ ЖҮЙЕЛІ ОРЫНДАЛУДА

2025 жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдардың 288,9 мың тапсырысы орындалды, оның ішінде: оңалтудың техникалық құралдарына шамамен 224,3 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын, 7,7 мың – ымдау тілі қызметін, 24,4 мың – жеке көмекшінің, 32,5 мың – санаторийлік-курорттық емдеу қызметін алды.

Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше әкету арқылы алуға болады.

Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.

Бүгінде Порталда 640 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуші, 999 ОТҚ жеткізушісі, 31 мыңнан астам жеке көмекші, 760 ымдау тілі және 133 санаторийлік-курорттық емдеу қызметтерін ұсынушы тіркелген.

Қызылорда қаласында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау бойынша:

— Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды 1100 жеке көмекшінің әлеуметтікқызметін ұсынуға 2 067 211,0 мың теңге бөлініп,
1162 мүгедектігі бар адамды жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз етуге 561 294,0 мың теңге игерілді;

— Есту кемістігі бар 195 мүгедектігі бар адамдар үшін 17 ымдау тілі маманының қызметімен қамтуға 96609,0 мың теңге бөлініп, 194 есту кемістігі бар мүгедектігі бар адамдарға 17 ымдау тілі маманының қызметіне 41422,3 мың теңге төленді;

— Мүгедектігі бар адамдарды «Инватакси» (16такси) қызметімен қамтамасыз етуге 51679,0 мың теңге бөлініп, 13317,3 мың теңге игерілді.

2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында осы қызметімен үздіксіз қамтамасыз етуге «Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамы» ҚБ-мен 3217,0 мың теңгеге келісім шарт жасалып, толық игерілді.

«Орда Қайсарлары» мүгедектер ҚБ-мен 5395,0 мың теңгеге келісім шарт жасалып, толық игерілді.

2025 ж. наурыз-желтоқсан айларында Инватаксимен қамтуға:

— «Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамы» ҚБ-мен 16 085,0 мың тг келісім-шарт (№82-2025) жасалып, 2023,3 мың тг;

— «Орда Қайсарлары» МҚБ-мен 26 820,0 мың тг келісім-шарт (№81-2025) жасалып, 2 682,0 мың тг игерілді.

Мүгедектігі бар адамдарды гемодиализ орталықтарына тасымалдауға қосымша «Инватакси» қызметін кеңейтуге 37 487,0 мың теңге қаралып, бүгінгі күні қызмет көрсетілуде («Орда Қайсарлары» МҚБ).

— Үйде тәрбиеленіп және оқытылатын 550 мүгедек баланы материалдық қамтамасыз етуге 58390,0 мың теңге бөлініп, 511 балаға 18314,0 мың теңге төленді;

— Мүгедектігі бар адамдарға гигиеналық құралдар мен техникалық-компенсаторлық құралдар сатып алу үшін 1 329 362,0 мың теңге қаралып,
2742 адамға 651124,7 мың теңге игерілді.

— Санаторий-курорттық емделуге бірінші топтағы мүгедектігі бар адаммен ілесіп жүретін 80 адамға 18874,0 мың теңге бөлініп, 6 адамға 1226,5 мың теңге төленді;

— 25 қазан Республика күніне орай 13915мүгедектігі бар адамдар мен балаларға біржолғы әлеуметтік көмекке 164141,0 мың теңге бөлінді.

Порталды пайдалану бойынша консультацияларды қолдау байланыс орталығынан, яғни 1414 бірыңғай нөмірі арқылы хабарласуға болады.

БӨЛІСУ