Жұмысшы мамандықтар жылының маңызды міндеттері мен мақсаттарын жүзеге асыру шеңберінде «Садуақасов» жеке кәсіпкерлігі өз қызметін одан әрі кеңейтіп, сапалы құрылыс материалдары өндірісін жетілдіруге бағытталған жұмыстарын жалғастыруда.
2006 жылы құрылған кәсіпорын бастапқыда темір жол тұйығын жалға беру қызметін атқарған болса, 2014 жылы Ресейдің ООО «Монолит Сервис» компаниясынан «Лидер Мастек» вибропресстелген өнімдер шығаратын зауытты сатып алып, 2015 жылы зауытты іске қосу арқылы өндірістік бағытқа толықтай көшті.
2021 жылы автоматтандырылған «Рифей-Буран» зауытын іске қосу нәтижесінде өндіріс көлемі едәуір ұлғайды. Қазіргі таңда зауыт
1,8 гектар аумақта жылына 10 000 тонна қиыршық тас пен 2 000 тонна цемент пайдалана отырып, сапалы құрылыс материалдарын өндіруде.
Компанияда 30 тұрақты қызметкер еңбек етуде, олардың кәсіби дамуы мен еңбек жағдайлары кәсіпорынның басты назарында. Бұл – өндіріс сапасының жоғары деңгейде сақталуының кепілі.
«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында кәсіпорын еңбек адамдарының маңыздылығын одан әрі насихаттап, кәсіби кадрларды даярлау мен қолдауға ерекше мән береді.
Басқарма кәсіпорын ұжымына табыс тілеп, Қазақстанның құрылыс саласының өркендеуіне үлес қосуын қолдайды.