28 қараша күні облыстық кәсіпкерлер палатасының алаңында «Сауда, қызмет көрсету және туризм» салалық кеңесінің отырысы өтті.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздық жүргізген жиынға кеңес мүшелері мен қала кәсіпкерлері, Палата өкілдері қатысты.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе – кәсіпкерлік нысандарды электр жарығымен қамтамасыз ету барысында туындайтын мәселелер бойынша Қызылорда қалалық электр тораптары басқармасының өкілдері айтып берді.

Салалық кеңес төрағасын сайлау бойынша қатысушылар бірауыздан осы уақытқа дейін төраға болып келген Әбдіразақова Ақмарал Мақсұтқызының кандидатурасын қолдады.

Келесі мәселе бойынша Палатаның ҰКП мүшелерімен жұмыс жасау бойынша маманы Гүлдана Таңатова палата делегаттарын (мүшелерін) сайлауды өткізу қағидалары және өңірлік кеңестерді қалыптастыру тәртібі туралы түсіндірме жүргізді.

Сонан соң, қатысушылар дауыс беру арқылы сайлауды ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы өткізуді анықтады, кеңестің тұрақты мүшелері бірауыздан ашық дауыс беруге ұйғарды.

Сонымен бірге, жиын барысында Корей Ұлттық туризм ұйымының Қазақстандағы өкілі, қоғамдық белсенді, салалық кеңес мүшесі Елена Когай Палатаның бастамасымен Байқоңыр қаласында ғарыш зымыранының ұшу сәтін тамашалау мақсатында инфо-тур жобасы қолға алынғанын айтып өтті. Ақпараттық турдың басты мақсаты ішкі туризмді дамыту және жергілікті туристік агенттіктерге жол салу болып табылады.

БӨЛІСУ