Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, өсіп-өркендеуіне зор үлес қосып, су шаруашылығы саласын дамыту бағытында аянбай еңбек еткен Табынбаев Асқар Жанасұлы «Құрметті еңбек демалысына» шықты.

Құрметті еңбек жолын қалыптастырған ардақты азаматты аудан әкімі Ардақ Ибраимов қабылдады. Салтанатты қабылдауда ауданның су шаруашылығы саласының дамуына қосқан білікті басшыға ерекше үлесі үшін алғыс айтып, халқымыздың игі дәстүріне сай жерлестер атынан құттықтады.

«Асқар Жанасұлы, Сізді құрметті еңбек демалысына шығуыңызбен шын жүректен құттықтаймын!
Үлкенді үлгі етіп, құрметтеу адамшылықтың ең жоғарғы қасиеттерінің бірі болып саналады. Қай халықтың болмасын түпкі тамырында үлкенді сыйлап, ілтипат білдіру тереңде жатыр.
Осы орайда, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына ерекше үлес қосқан азаматтарды ардақтап, бүгінгідей құрмет көрсету дәстүрге айналуда.
Зейнеткерлік жас – адам өмірінің мағыналы белесі. Саналы ғұмырын отбасына арнап, еліне қызмет еткен еңбектің зейнетін көретін уақыт. Сіздің туған жерді дамытудағы еселі еңбегіңіз бен атқарған қызметіңіз кейінгі толқынға үлгі-өнеге»,-деді аудан әкімі Ардақ Ибраимов.

Асқар Жанасұлы, еңбек жолын ПМК-9 мекемесінде мастер болып бастаған.
2011 жылдан бастап «Жалағашсушар» өндірістік учаскесінің бастығы лауазымын абыроймен атқарып келді.

БӨЛІСУ