ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: 2025 ЖЫЛДЫҢ ҚАҢТАР АЙЫНАН БАСТАП МЕДИЦИНАЛЫҚ АНЫҚТАМАЛАРДЫҢ 8 ТҮРІ ТЕК ЭЛЕКТРОНДЫҚ ТҮРДЕ БЕРІЛЕТІН БОЛАДЫ

Келесі жылдың басынан бастап медициналық анықтамалардың 8 түрі, оның ішінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама тек электрондық түрде берілетін болады.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін өздерімен бірге қағаз анықтамаларды алып жүру қажеттілігі болмайды, олардың келісімімен электрондық анықтамалар талап бойынша белгілі бір мекемелерге берілетін болады.

Осы қызметтерді электрондық форматқа көшіру үшін қазіргі уақытта «Амбулаториялық-емханалық көмек» АЖ арқылы ақпараттық жүйелерді интеграциялау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Келесі медициналық анықтамалар электрондық форматқа көшіріледі:
— Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы
— 075 / е «Медициналық анықтама»
— 026 / е «ДКК қорытындысы»
— 073 / е «ТҚ басқаруға рұқсат туралы анықтама»
— 069 / е «Санаторийлік-курорттық карта»
— 052-2 / е «Баланың денсаулық паспорты»
— 076 / е «Қаруға рұқсат алу»
— 038 / е «Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама».

eGov Mobile мобилді қосымшасында азаматтарға өздерінің жеке медициналық деректеріне қол жеткізуге мүмкіндік беретін «edensaulyq» бөлімі іске асырылғанын атап өткен жөн.

Қазақстанда жеке медициналық кітапшаларды беру, есепке алу және жүргізу 2025 жылғы қаңтардан бастап электрондық форматқа ауыстырылады.

Бүгінгі таңда елімізде 1,6 млн. азаматтың жұмысқа рұқсат туралы белгісі бар жеке медициналық кітапшалары, оның ішінде қоғамдық тамақтану саласында –
780 мың, білім беру саласында-550 мың, денсаулық сақтау саласында –
272 мың және жеке секторда-52 мың медициналық кітапша бар.

Электрондық форматты енгізе отырып, жеке медициналық кітапшаларды бірден бірнеше ұйымда ұсынуға болады, бұл азаматтардың қаражатын үнемдейді.

Тағы бір маңызды артықшылық – бұл қоғамдық денсаулыққа қауіп төндіретін санкітапшаларды бұрмалау фактілеріне жол бермеу.

БӨЛІСУ