Қызылордалық полицейлер «Борышкер» іс-шарасын өткізуде.

Қызылордалық полицейлер қараша айының 05 – 09 аралығында қала көлемінде Қызылорда облысының әділет департаменті, Қызылорда қалалық прокуратурасы және жеке сот орындаушылар палатасының қызметкерлерімен бірлесіп «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
Аталған іс-шара мақсаты салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіру. Іс-шара басталғалы бүгінгі таңға дейін 2 млн-ға жуық айыппұл өндірілді.
ҚР ӘҚБтК-нің 810, 811 баптарына сәйкес полиция қызметкері әкімшілік хаттама толтыру барысында құқық бұзушы өзіне тағылған құқық бұзушылықпен келіссе, ол 7 тәулік ішінде салынған айыппұлдың 50 пайызын төлеуге құқылы. Егер де бұл мүмкіндікті пайдаланбаса осы Кодекстің 893-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлға айыппұлды отыз тәуліктен кешіктірмей ерікті түрде төлеуге тиіс. Төленбеген жағдайда Кодекстің 894-бабына сәйкес айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлі түрде орындату мақсатында жеке сот орындаушылар палатасына жолданады. Және осы жерде айта кетерлік жай, егер әкімшілік іс жеке сот орындаушыларына жолданса құқық бұзушы салынған айыппұлдың үстіне 25 пайыз сот орындаушының үстем ақысын төлеуге міндеттеледі. Сол себепті, құрметті аудан және қала тұрғындары айыппұлдарыңызды заңда көрсетілген мерзімде 50 пайыз жеңілдікпен немесе соманың толық мөлшерін уақытылы өсімсіз төлеулеріңізді сұраймыз.
Қызылорда қаласы Полиция басқармасы өз айыппұлдарын келесі тәсілдермен тексеруге және төлеуге болатынын хабарлайды:
– электрондық үкімет порталының көмегімен онлайн режимінде “egov.kz”. Екінші деңгейдегі банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімшелерінде, сондай-ақ мобильді қосымшаларда интернет-сайттар арқылы онлайн-төлем жасау Kaspi.KZ, egov.kz. айыппұлдарды интернет-сайт арқылы тексерген кезде Сіз “өз айыппұлдарың туралы біл” бетбелгісіне кіресіз, одан кейін көлік иесінің ЖСН-ін енгізіңіз және фото-бейнетіркеу жүйелерімен тіркелген бұзушылықтар болған жағдайда, сол жерде осы бұзушылықтардың фотосуреттерін басып шығаруға болады.
Тұрғындардың назарына! Айыппұлдарыңыз бойынша қосымша мәліметтерді Қызылорда қаласы Полиция басқармасының Әкімшілік практика бөлімінен (мекен жай: Қызылорда қаласы,Төле би 112 ғимаратынан) біле аласыздар.

БӨЛІСУ