«АСАНАС» ҚАЛАШЫҒЫНЫҢ АЙНАЛАСЫ ТАЗАРТЫЛДЫ

«Таза Қазақстан – таза аймақ» экологиялық акциясының «Киелі елді мекен» апталығында Айдарлы ауылында орналасқан «Асанас» қалашығының айналасы тазартылды. Елді мекен тұрғындары қалашық маңын қоқыстардан, қураған ағаштардан тазартты.

Жалпы, «Асанас» қалашығы Қызылорда қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 48 шақырымда, Сырдария ауданына қарасты Айдарлы ауылының оңтүстік-батысына қарай 8 шақырым жерде орналасқан.

Асанас атауы ортағасырлық Өзгент, Сығанақ, Жент, Баршынкент қалаларымен бірге кездеседі. Қала мықты мұнаралары бар қабырғалармен бекітіліп, сырты ормен қоршалған. Қорғаныс қабырғасының бүгінгі күнге сақталған биіктігі 5 м-ге жуық, ені іргетасымен есептегенде – 15 м.

БӨЛІСУ