Биыл Сырдария өзенінде су деңгейі төмен болуына байланысты Сарыөзек көлінің сумен толтырылмау қауіпі орын алып отыр. Бұл жағдайда көл аумағындағы жайылым-шабындықтар суландырылмайды және ауданның экологиялық ахуалының нашарлауына әсер етеді.

Осыған орай, аудан әкімі Жандос Еркінбек сала мамандарына зерделеу жұмыстарын жүргізіп, Сарыөзек көліне су жіберу үшін «Сарыөзек құярлығы» (ескі сброс) учаскесіне СНП 500 насос қондырғысын орнатуды тапсырған болатын.

Қазіргі таңда, осы тапсырмаға сәйкес сала мамандары тарапынан насос қондырғысын орнату жұмыстары атқарылуда.

Аудан әкімі жұмыс барысын бақылау мақсатында нысан басына арнайы барып, Сарыөзек көлін сумен толтырудың, жайылымдық-шабындық жерлерді суландырудың маңыздылығын атап өтіп, насос қондырғысының тоқтаусыз жұмыс жасауын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Сонымен қатар, Қармақшы ауданы, «Қараөзек» арнасы бойында орналасқан мал және балық шаруашылығын дамытуға бағытталған әлеуметтік-экономикалық маңызы зор нысан «Қожатай» су тоспасы бөгеті бұзылған болатын.

Осыған орай, аудан әкімі Жандос Еркінбектің тапсырмасына сәйкес аталмыш су тоспасын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Су тоспасы іске қосылғасын Қарөзек аумағындағы 3,0 мың гектарға жуық жайылымдық жерлер суландырылып, Қарөзек арнасындағы су деңгейін реттеу арқылы Досымкөл, Қызылкөл, Жайынкөл, Тасқын, Кетебай-Масақ, Қаракөл-1, Қаракөл-2, т.б ондаған көлдерді сумен толтырып, балық шаруашылығын өркендетуге қол жеткізіледі және қолайлы экологиялық жағдай қалыптасады.

БӨЛІСУ