Жұма күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қызылорда облысының прокуроры  Ризабек Кәрімұлының және аудан әкімі  Нұржан Сәбитұлының қатысуымен кездесу өтті.

Кездесудің басты мақсаты кәсіпкерлерді қолдау, олардың құқықтарын қорғау және құқық бұзушылық профилактикасы шараларын жүргізу, түйіткілді сауалдарына жауап беру.

Кездесуде инвесторларға қатысты мемлекеттік органдардың барлық шешімдері мен шектеу шаралары бойынша «Инвесторларды қорғау жөніндегі прокурорлық сүзгі» жобасы аясындағы уәкілетті органдарға қойылатын талаптар мен міндеттер мәселесі де қамтылды. Мемлекеттік органдар тарапынан кәсіпкерлерге қатысты қандайда бір заңсыз әрекеттер немесе кедергілер мен кәсіпкердің қызметіне заңсыз араласу фактілері орын алған жағдайда мобильді топқа жүгіну қажеттілігі түсіндірілді. Кездесуде аудан кәсіпкерлері көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, тиісті кеңестер алды

БӨЛІСУ