Біздің еліміздегі баршаның сүйікті мерекесі – Наурыз мейрамы жақындап келеді, ол түрлі тағамдардың — наурыз-көже, бауырсақ, бесбармақ, қазы, шұжық, қуырдақ, женттер және басқа да тез бұзылатын өнімдердің молдығымен қатар жүреді. Мерекеге дайындық кезінде адамдар дастарханға азық-түлік сатып алады, ата-аналар балабақшалар мен мектептерге тамақ әкеледі, қалалар мен елді мекендерде жәрмеңкелер ашылады.
Мерекелік іс-шаралар кезінде тамақтан улану мен жұқпалы ауруларды болдырмау үшін бірқатар ұсыныстарды орындау қажет.
Іс-шараны ұйымдастырушылар мен қатысушыларға:
– қатысушылардың жоспарланған саны мен учаскелер бойынша арқылы іс-шаралар кестесін жасау;
– адамдардың жаппай жиналуын болдырмау үшін елді мекеннің барлық аумағында шағын алаңдарды барынша көп ұйымдастыру;
– тамақ өнімдерін дайындау және халыққа тарату кезінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау;
– үйде дайындалған өнімдерді сатуға тыйым салу;
– сатушылар арнайы киімде болуы керек, жеке гигиенаны сақтай отырып, бір реттік ыдыста өнімді сату;
– қалдықтарды жинау орындарын ұйымдастыру және оларды уақтылы шығару.
Жұртшылыққа:
– қауіпсіз тағамдарды таңдаңыз, ата-аналар тағамның балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келетініне ерекше сақ болу керек;
– дененің гипотермиясына жол бермеңіз, орталық және солтүстік аймақтардағы ауа-райы әлі тұрақты емес;
– жарақат алмау үшін, әсіресе балалар, әткеншекпен тербелу (алтыбақан) орындарында, спорттық жарыстарда сақ болуға тырысыңыз;
Ұйымдастырылған ұжымдарда (мектептер, балабақшалар):
– ата-аналар қауымы мен білім беру объектілерінің әкімшілігі түсіндіру жұмыстарын жүргізуі, сақтау шарттары мен мерзімдері сақталмаған жағдайда жаппай улануға әкеп соғуы мүмкін үйде дайындалған өнімдерді пайдалануға тыйым салуы қажет.