“112” құтқару қызметіне 9 наурыз сағат 22.14 минут өткенде Қызылорда қаласындағы, Сырдария шағын ауданындағы 2 в тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына жедел келген өрт сөндірушілер барлау жұмыстарының нәтижесінде 4 қабаттағы ауданы 3х3 шаршы метр пәтердің өртеніп жатқанын анықтады.
Мамандардың жедел әрекет етуі арқасында сағат 22-ден 44 минут өткенде өрт толығымен сөндірілді. 35 адам эвакуацияланды. Автосатымен және баспалдақ арқылы 3 адам құтқарылды. 1 адам күйік жарақатын алып, облыстық ауруханаға жеткізілді. Қызылорда облысы ТЖД жеке құрамының 22 адамы және 5 бірлік техникасы жұмылдырылды.

БӨЛІСУ