«ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ

Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен №43 орта мектеп базасында жалпы орта білім беретін мектептердің 7-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілі пәні бойынша «Жарқын болашақ» олимпиадасы өтті.

Олимпиада бес бағытта өткізіліп, қала бойынша 76 оқушы қатысты.
1. «Бейнелеушілер» бағыты
2. «Білгірлер бәйгесі»
3. «Жас қаламгер»
4. «Сөз шеберлері»
5. «Әнші бұлбұлдар»

Байқауды қалалық білім бөлімінің әдіскері Нұржан Әсілханұлы ашып, оқушыларға сәттілік тіледі.

Әр бағыт талаптары бойынша оқушылар тақырыпқа сай эссе жазу, комикс жанрында сурет салу, ән айту, мәнерлеп жатқа оқу және шешендіктерін таныту сынды сайыстарға қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша «Әнші бұлбұлдар» №9 мектеп-гимназияның оқушысы Мағжан Шарапхан, №143 орта мектебінің оқушысы Өмірбек Нұрасыл, «Сөз шеберлері» бағыты бойынша №212 мектеп-гимназиясының оқушысы Алнағанбет Нұрай, «Жас қаламгер» бағыты бойынша № 136 мектеп-лицейінің оқушысы Паридон Нұрай, «Бейнелеушілер» бағыты бойынша №235 мектеп-гимназиясының оқушысы Бейсенбаева Шапағат І орын иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды.

БӨЛІСУ