«БІРТҰТАС ТӘРБИЕ: ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДӘРІПТЕУГЕ» АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектеп базасында «Біртұтас тәрбие: Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге» арналған семинар өтті. Бұл алқалы басқосуға «Тәрбие, спорт және қосымша білім беру» орталығының директоры Фархад Лиясұлы, Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің бас маманы Самат Алашбайұлы, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен психологтар қатысты.

– Тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры. Ұлттық құндылықтармен сусындап өскен ұрпақ ұлағатты болмақ. Дәл осы өскелең ұрпағымыз ұлттың сапасын құрайды. Сондықтан да қадір-қасиет, ар-намыс, адалдық, патриотизм, жауапкершілік, әдептілік, мейірімділік, сүйіспеншілік, үлкенге ізет, кішіге құрмет сияқты қасиеттерге ие шығармашыл азаматты тәрбиелеу маңызды. Ұрпақ тәрбиесіне барлығымыз жауаптымыз. Мемлекет бала тәрбиесі мен біліміне ерекше көңіл бөліп, үнемі қолдау көрсетіп келеді. Біз балаларымызды біліммен ғана емес, олардың адами құндылықтарға негізделген берік ділін, заманауи дүниетанымын келешек елдің мүддесіне адал қызмет ететіндей азаматтық мінезін қалыптасуға атсалысуымыз керек,– деді Самат Алашбайұлы.

Семинар барысында «Ұлттық құндылықтар – ұлт болашағы», «Ұлттық құндылықтар – ұлт болашағы», «Мақал -сөздің азығы, жұмбақ – ойдың қазығы» сынып сағаты, «Поэзияның асқар шыңы Мұқағали» тәрбие сағаты, «Оқуға құшар мектеп» жобасы
«Кім оқыса таласа, дос боп кетем жараса» оқу сағаты, «Энерготерапия деген не?» психологиялық тренинг, «Ата-аналар мектебі» жобасы , «Бала бойындағы эрудицияны дамытуда ұлттық құндылықтарды қолдану аясын кеңейту»,
«Қазіргі жасөспірім – біздің болашақ» психологиялық тренинг сынды бірқатар шаралар өтті.

Жүздесу барысында өскелең ұрпаққа саналы тәрбие беру бағытындағы жаңашыл жоспарлар қызу талқыланып, сарапшы мамандар тарапынан пайымды пікірлер мен ұтымды ұсыныстар айтылды.

БӨЛІСУ