Сағат 20-дан 15 минут Жаңақорған кенті, Ә. Молдағұлова көшесі №29 мекен-жайы жанып жатқаны жөнінде хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер барлау жұмыстарының нәтижесінде уақытша тұрғын үйдің 6х4 метр болатын ішкі төбе жабуының жанғанын анықтады. Мамандардың жедел әрекет етуі нәтижесінде өрт сағат 20-дан 34 минут өткенде оқшауланып, сағат 21-ден 02 минут өткенде толық сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрт оқиғасына 2 техника, 7 қызметкер жұмылдырылды.