Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 13 қаңтардағы №04-02-02/204-И ұйымдастыру нұсқаулығына және Қызылорда облысы әкімінің 23 қаңтардағы №01-4/457-И нұсқауына сәйкес төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша, сондай-ақ азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында Қызылорда облысының аумағында 2024 жылғы 8-9 ақпан күндері аралығында «Көктем-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу жоспарлануда.
Оқу-жаттығудың республикалық штабы Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласында орналасатын болады, ал облыстық штаб және практикалық кезеңі 2024 жылғы 8 ақпанда Жалағаш ауданы, Ақсу елді мекенінде өткізіледі деп жоспарлануда.
Оқу-жаттығудың тақырыбы: «2024 жылғы су тасқыны кезеңі жағдайларындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау».
Қызылорда облысы ТЖД