Атырау облысында із-түссіз жоғалған отбасы: Қызы да күдікке ілінді.
Атырау облысында жұмбақ жағдайда қаза тапқан отбасының қызы да қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілінді. Бұған дейін ол халықаралық іздеуге жарияланған.
Бұл туралы Парламент Мәжілісінде Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов хабарлады.
Қазір күдіктілерді Индонезиядан елге экстрадациялау жұмыстары жүргізілуде. Тергеу амалдары мен тиісті сараптама жұмыстары жалғасып жатыр.
