Қызылорда қаласының №2 сотында сотталушы Г.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы Г. жәбірленуші Қ.-ның дәрігерлік амбулаторияның кабинетінде науқас қабылдап, өзінің қызметін атқарып отырғанда кіріп келіп, жанжал шығарған.
Өз кезегінде жәбірленуші кезекпен кіруді талап еткен уақытта, сотталушы оның жағасынан ұстап, жұдырығымен соққы жасап, денсаулығына жеңіл зиян келтірген.
Сотталушы Г. ҚР ҚК-нің 108-1-бабы 2-бөлігі 2-тармағымен кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
