Қызылордада сталкинг дерегі: күдікті қамауға алынды.
Қызылорда қаласында бой жеткен қызды аңдып, мазалаған ер азамат ұсталып, қамауға алынды.
Жәбірленуші полицияға арызданған. Оның айтуынша, өгей әкесі өзін аңдып, тыныштығын бұзған. Арыз негізінде полиция қызметкерлері жедел шаралар қабылдап, күдіктіні ұстап, қамауға алды. Қылмыстық іс тәулік ішінде сотқа жолданды.
Жалпы, жыл басынан бері облыс аумағында әйелдерге қатысты сталкингтің 6 дерегі анықталып, жолы кесілді. Барлық жағдайда күдіктілер жәбірленушілермен бұрын таныс болған.
Көп жағдайда қарым-қатынас тоқтатылғанына қарамастан, күдіктілер қудалауын жалғастырған:
▫️ түрлі нөмірлерден қоңырау шалған
▫️ хабарламалар жазған
▫️ үйі мен жұмыс орнына барған
▫️ әлеуметтік желілер арқылы мазалаған
Жәбірленушілер байланысын толық үзгеніне, бұғаттағанына және кездесуден бас тартқанына қарамастан, қудалау әрекеттері тоқтамаған.
