Самара – Шымкент тас жолында ірі ЖКО орын алды.
23 қазанда Белқопа кентінің маңындағы Самара-Шымкент автожолында DAF жүк көлігі мен “ГАЗель”жолаушылар автокөлігі соқтығысқан. Алдын ала мәліметтер бойынша, жүк көлігі қарсы қозғалыс жолағына шыққан. Оқиға орнында болған апат салдарынан екі жүргізуші де, “Газелдің” 10 жолаушысы да қаза тауып, бес адам медициналық мекемеге жеткізілді. ЖКО фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. “Газель” жолаушылар автомашинасы Жүргенев кентінен облыс орталығына жолаушыларды тасымалдауды ресми түрде жүзеге асырғаны анықталды.
