«Қызылорда облыстық жануарлар дүниесі мемлекеттік қорғау жөніндегі мамандандырылған мекемесінің» қызметкерлері рейдке шығуда. Мақсат табиғатқа залал келмеуі.
Кезекті рейд барысында түнгі сағат 03.30 шамасында Шиелі ауданы, Бестам ауылы маңында Шиелі ауданы тұрғындары басқаруындағы УРАЛ маркалы мотоциклін тоқтатып тексеру барысында мотоцикл жүк салғышынан 12 бас қоян табылды. Атып алынған қояндармен қатар 1 дана құжатсыз 16 калибрлі жалғыз ұңғылы аңшы мылтығы, қолдан жасалған шам жарығы (прожектор), оқшантай және үш 16 калибрлі 4 оқ табылды.
Құжаттар жинақталып, Шиелі аудандық полиция бөліміне тапсырылып, ҚР ҚК-нің 337 бабы бойынша іс қозғалды.
2025-09-18
