Қазалы аудандық сотының бұрынғы төрағасы мен судьясы 9 жылға бас бостандығынан айырылды.
Қызылорда облысы Қазалы аудандық сотының бұрынғы төрағасы Д. Абдықалыков пен судьясы С. Бертайға қатысты сот үкімі шықты.
Сот оларды сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін кінәлі деп танып, әрқайсысына 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Аталған тұлғалар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігінің 2-тармағында, сондай-ақ 366-бабы 3-бөлігінің 2 және 4-тармақтарында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін жауапқа тартылған.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, олар биыл қаңтар айында ірі көлемде пара алу фактісі бойынша ұсталған.Құзырлы органдардың мәліметінше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі жұмыстар жалғасуда.
ҚР ҰҚК баспасөз қызметі