ЖАҢАҚОРҒАНДА ЖОҒАЛҒАН АЗАМАТТЫ ІЗДЕУ ЖАЛҒАСУДА

Жаңақорғанда жоғалған азаматты іздеу жұмыстары жалғасуда.

31 тамыз күні кешкі уақытта Жаңақорған ауданына қарасты Қосүйеңкі ауылының таулы аймағындағы жайлаудан мал бағуға шыққан Түркістан облысының тұрғыны Байділдаұлы Жанболат белгісіз бағытта кетіп, хабар-ошарсыз жоғалған. Осыған байланысты оның жақындары Жаңақорған аудандық полиция бөліміне арызданған.

Ақпарат түскен сәттен бастап облыстық және аудандық полиция бөлімдерінің жеке құрамы жұмылдырылып, іздеу жұмыстары күшейтілді. Сонымен қатар еліміздің өзге өңірлеріне де тиісті бағыт-бағдар беріліп, жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

Іздеу жұмыстарына полиция қызметкерлері, Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары, жоғалған азаматтың туыстары, еріктілер, блогерлер және жергілікті тұрғындар тартылған. Іздестіру шараларына арнайы үйретілген иттер, дрондар мен сүңгуірлер де пайдаланылуда.

Жедел-іздестіру топтары облыс аумағында тиісті жұмыстарды жалғастырып жатыр. Жергілікті атқарушы органдар да іздеу шараларына қажетті көмек көрсетуде.

Полиция департаменті Жанболат Байділдаұлының жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтарды Қызылорда облысының Полиция департаментіне, Жаңақорған аудандық полиция бөліміне немесе 102 нөміріне хабарласуға шақырады.

Байланыс телефондары: 8 (7242) 29-70-76, 29-70-10, 102.

Аталған дерек Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының жеке бақылауында.

БӨЛІСУ