ЭКГЛОГИЯЛЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК — МЕКТЕПТЕН БАСТАЛАДЫ

Қызылорда қаласындағы №295 мектепте «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа қоршаған ортаны қорғаудың маңызын түсіндіру, табиғатқа жанашырлықпен қарау дағдысын қалыптастырып, экологиялық жауапкершілікті арттыру.

9-сынып оқушыларына арналған «Таза Қазақстан: экологиялық жауапкершілік және болашақ» тақырыбындағы ашық сабақта табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық жауапкершіліктің қоғам мен болашақ үшін маңызы талқыланды.

Ал 3-сынып оқушылары «Таза Қазақстан – заманауи технологиялар табиғатты қорғауда» тақырыбында тәрбие сағатына қатысып, табиғатты қорғаудағы заманауи технологиялардың рөлімен танысты. Оқушылар қоршаған ортаны сақтауға бағытталған қарапайым әрі тиімді әрекеттер жөнінде ой бөлісті.

Танымдық шара практикалық жұмыстармен жалғасып, оқушылар мектеп ауласына гүл көшеттерін отырғызды. Осылайша балалар табиғатты қорғаудың маңызын теория жүзінде ғана емес, нақты іс арқылы да түсінді.

Экологиялық бағыттағы мұндай шаралар жас ұрпақтың табиғатқа жауапкершілігін арттырып, қоршаған ортаны қорғауды күнделікті өмір салтына айналдыруға ықпал етеді.

БӨЛІСУ