Қармақшы ауданының Жосалы кентіндегі орталық аудандық ауруханада бүгін ерекше қуаныш орын алды. Сайлау күні өмірге келген сәбилердің аналарына арнайы көңіл бөлініп, ақжолтай тілектер айтылды.
Ана мен балаға ізгі ниетін білдірген азаматтар жас аналарды қуаныштарымен құттықтап, сәбилердің бауы берік, дені сау, ғұмыры ұзақ болуын тіледі.
Бұл күн жас аналар үшін қос қуанышпен есте қалмақ. Бір жағынан – ел өміріндегі маңызды қоғамдық күн болса, екінші жағынан – отбасына жаңа өмірдің келген айтулы сәті.
Дүниеге келген әрбір сәби – отбасының ғана емес, елдің де болашағы.
Ақжолтай күнде өмір есігін ашқан бүлдіршіндердің өмір жолы жарқын, болашағы баянды болсын! Бауы берік болсын, бөбектер!