СЫРДАРИЯДА «БАУЫРСАҚ FEST» ӨТТІ

Құрылтай сайлауы күні Сырдария ауданындағы барлық сайлау учаскесінде тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған «Бауырсақ Fest» шарасы ұйымдастырылды.

Ұлттық тағамымызды дәріптеген мерекелік шарада сайлаушыларға дәстүрлі қазақтың бауырсағы ұсынылып, әр учаскеде түрлі ойындар, байқаулар мен викториналар өткізілді. Әсіресе жастар мен аға буын өкілдері белсенділік танытып, мерекелік көңіл-күйге бөленді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар тұрғындар арасында жақсы көңіл-күй қалыптастырып, қоғамдық белсенділікті арттыруға ықпал етеді.

Ұлттық құндылық пен қоғамдық белсенділікті ұштастырған «Бауырсақ Fest» аудан тұрғындарының көңілінен шығып, сайлау күнін ерекше атмосфераға бөледі.

БӨЛІСУ