ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ: ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚҚА ҚҰРМЕТ – САЙЛАУ ҮДЕРІСІНДЕ

Бүгін — ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдайтын күн.
Құрылтай сайлауына қатысу — азаматтық ұстанымымызды білдірудің бір жолы. Кімге дауыс беру — әр азаматтың өз таңдауы.
Ең бастысы — таңдауыңызды саналы жасап, өз дауысыңызға жауапкершілікпен қараңыз.

Қазалы ауданында Құрылтай сайлауы белгіленген тәртіппен өтуде.
Сайлау учаскелерінде учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері мен байқаушылар ұлттық киім үлгісінде келіп, елдік мәні бар саяси науқанға ерекше құрметпен қатысуда.

Ұлттық нақыштағы киім – халқымыздың салт-дәстүрі мен мәдени мұрасына деген құрметтің айқын көрінісі. Бұл бастама сайлау үдерісіне өзіндік мән беріп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге үндейді.
Қазалыдағы сайлау учаскелерінде дауыс беру жұмыстары ашықтық пен заң талаптарына сәйкес жалғасуда.

БӨЛІСУ