Жоғары оқу орындарына құжаттарды тапсыру 25 тамызға дейін (қоса алғанда) жүзеге асырылады.
Жоғары оқу орындарында білім алуға мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі жарияланды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, биыл 75 мыңнан астам талапкер еліміздің жоғары оқу орындарында тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды.

2026 жылы мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына 127 мыңға жуық өтініш түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14 мыңға көп. Ведомство мұны жоғары білімге деген сұраныстың әлі де жоғары екенін көрсететін көрсеткіш деп бағалайды.

Конкурс нәтижелерімен келесі ресми ақпараттық ресурстардан    https://www.gov.kz/memleket/entities/sci?lang=kk
https://t.me/gylym_jogary_bilim

Мемлекеттік білім беру грантының электрондық куәліктері үш жұмыс күні ішінде ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының grant.testcenter.kz сайтында қолжетімді болады. Ал жоғары оқу орындарына құжат қабылдау 25 тамызды қоса алғанға дейін жалғасады.

БӨЛІСУ