ЖАЗДЫҢ ЖАРҚЫН СӘТТЕРІ

Қызылорда қаласында мектеп оқушыларының жазғы демалыс маусымы басталып, мектеп жанындағы лагерьлер өз жұмысын қолға алды. Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында лагерьлерде танымдық, шығармашылық, спорттық және мәдени бағыттағы түрлі іс-шаралар өткізілуде.

Сонымен қатар, қала сыртындағы сауықтыру лагерьлерінде оқушылардың төрт ауысым бойынша демалуы жоспарланған. Мұнда балалар табиғат аясында тынығып, түрлі үйірмелер мен спорттық жарыстарға қатысып, жаңа достар тауып, қабілеттерін дамытуға мүмкіндік алады.

Жазғы демалыс кезеңінде балалардың қауіпсіздігі басты назарда. Лагерьлерде санитарлық талаптардың сақталуы, медициналық қызметтің қолжетімділігі және тәрбие жұмыстарының сапалы ұйымдастырылуы тұрақты бақылауда болады.

Балалардың жазғы демалысын мазмұнды өткізуге бағытталған бұл жұмыстар олардың денсаулығын нығайтып, жаңа оқу жылына сергек әрі көтеріңкі көңіл-күймен оралуына жағдай жасайды.

БӨЛІСУ