Ауылдық аумақтарды дамыту, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту және заманауи инфрақұрылыммен қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Осы мақсатта Жалағаш ауданында жүйелі жұмыстар жүзеге асырылып, елді мекендердің келбетін жаңғыртуға басымдық берілуде. Соның жарқын көрінісі – Ақсу ауылында қолға алынған ауқымды инфрақұрылымдық жобалар.
Соңғы жылдары ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсартуға бағытталған бастамалар кезең-кезеңімен жүзеге асып келеді. Әсіресе жол инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар халық тарапынан оң бағасын алуда. Қазіргі таңда ауылдағы М.Әуезов, Т.Қожақұлов және Ақбөгет көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстары басталып, құрылыс техникалары жұмылдырылған. Бұл жобалар ауылішілік жолдардың сапасын арттырып қана қоймай, тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы қатынас жасауына мүмкіндік береді.
Инфрақұрылымды дамыту жұмыстары мұнымен шектелмейді. Алдағы уақытта тағы үш көшеге күрделі жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Осы мақсатта жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, тиісті ұсыныстар жолданған. Жобалар қолдау тапқан жағдайда ауылдағы жол желісінің сапасы едәуір жақсарып, тұрғындардың көлік қатынасына қатысты мәселелері кезең-кезеңімен шешімін табады.
Ақсу ауылындағы оң өзгерістердің бірі – өңірлік маңызы бар жолдардың жаңғыртылуы. Өткен жылы Беркінбай кәлпе – Жалағаш бағытындағы автожолға күрделі жөндеу жүргізіліп, жол толықтай асфальтталып пайдалануға берілді. Бұл аудан орталығымен қатынасты жеңілдетіп, тұрғындардың уақытын үнемдеуге және жүк тасымалының тиімділігін арттыруға мүмкіндік жасады.
Инженерлік инфрақұрылымды жаңарту бағытында да нақты жұмыстар атқарылуда. Бүгінде ауыл тұрғындары