Бүгін 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Әдемі» балалар музыкалық театр-студиясы және “Ai-Aru” заманауи би ансамблінің әртістері кішкентай көрермендерге шытырман оқиғаға толы «Етік киген мысық» ертегісін тарту етті.
Тапқырлығы мен айлакерлігі арқылы иесіне бақ пен бақыт сыйлаған Етік киген мысықтың қызықты оқиғалары балаларды ертегі әлеміне жетелеп, кішкентай көремендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Ертегі кейіпкерлерімен бірге қуанып, бірге таңғалған бүлдіршіндер мерекелік күнді ерекше әсермен өткізді.
Көркемдік жетекшісі – “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісінің иегері Қ. Боранбаев
Ертегі режиссері – А. Жаңабаева