ҚЫЗЫЛОРДАДА СУҒА ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ КҮШЕЙТІЛДІ

Қызылорда қаласының брифинг залында Қызылорда қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау майоры Олжас Тұрсынбаев суға шомылу маусымына дайындық жұмыстары бойынша баяндама жасады.

Брифинг барысында қала аумағында профилактикалық және рейдтік жұмыстар тұрақты жүргізіліп жатқаны айтылды. Қазіргі таңда 1 коммуналдық және 1 жеке жағажай жұмыс жасауда. Сонымен қатар, суға түсуге тыйым салынған 16 қауіпті аймақ арнайы қауіпсіздік тақтайшаларымен жабдықталған.

Мамандар тұрғындарды қауіпсіздік талаптарын сақтап, тек рұқсат етілген орындарда ғана шомылуға шақырды.

БӨЛІСУ