РУХ ПЕН КҮШ САЙЫСЫ

«Мен Отанымның қорғаны» – рух пен күш сыналған сайыс.

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында ҚР Ұлттық ұланының 5547 әскери бөлімінде сарбаздар арасында «Мен Отанымның қорғаны» атты патриоттық сайыс ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жас жауынгерлердің әскери даярлығын шыңдау, олардың бойындағы патриоттық рухты күшейту және командалық бірлікті қалыптастыру. Сайыс барысында қатысушылар түрлі кезеңдер бойынша сынға түсіп, жылдамдық, төзімділік және ептілік қасиеттерін көрсетті.

Әсіресе командалық тапсырмаларда сарбаздардың өзара үйлесімді әрекеті мен жауапкершілігі айқын байқалды. Әр кезең тартысты өтіп, қатысушылар жоғары деңгейдегі дайындықтарын дәлелдеді.

Сайыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен сарбаздар арнайы марапаттарға ие болып, жеңімпаздар анықталды.

Мұндай патриоттық іс-шаралар әскери қызметшілердің рухын көтеріп қана қоймай, олардың Отан алдындағы жауапкершілігін арттыруға, елге деген адал қызметке деген жігерін нығайтуға үлкен үлес қосады.

БӨЛІСУ