Бүгін мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, сондай-ақ жастардың қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы талқыланды.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында атқарылып жатқан жұмыстады, сондай-ақ ағымдағы стратегиялық құжаттың мерзімі аяқталуына орай әзірленіп жатқан жаңа тұжырымдама бойынша Департамент басшысы Е.Мендалиев баяндады.
Сондай-ақ, Мемлекеттік басқару академиясы филиалының директоры А. Мадалиева мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру мәселесіне тоқталды. Ақзада Алайдарқызы жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігі кадрларды тұрақты түрде қайта даярлау және оқыту курстарымен тікелей байланысты екенін атап өтті.
Онымен қоса, Департамент басшысы Е.Мендалиев өз сөзінде жастарды белсенді қатысуға шақырды.
Өткізілген кездесуде қатысушылар өңірдегі өзекті мәселелерді көтеріп, жаңа құжатқа қатысты ұсыныс пікірлерін ашық білдірді.
