Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтіп, цифрландыру және жасанды интеллект саласын дамыту мәселесі қаралды.
Мәжіліс барысында аудан әкімі ауданда цифрландыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Цифрландыру – экономиканың барлық саласының тиімділігін арттыратын негізгі құрал. Сондықтан біз әрбір мекемеде цифрлық шешімдерді кеңінен енгізіп, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жаңа деңгейге көтеруіміз қажет, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.
Мәжілісте аудан әкімі барлық бөлімдер мен мекемелерге қызмет сапасын арттыру мен ашықтықты қамтамасыз етуде цифрлық жүйелерді жетілдіруді тапсырды.
