Бүгін «AMANAT» партиясы облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмыс кестесіне сәйкес облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешов жеке қабылдау өткізді. Қабылдауға партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, бірқатар басқармалар басшылары мен жауапты мекемелердің өкілдері қатысты.
Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан көтерілген негізгі мәселелер қаржылық және кәсіпкерлік қолдау алу, алаяқтық салдарынан бұзылған несие тарихын қалпына келтіру, мемлекеттік бағдарламалар аясында жеңілдетілген несиелерге қол жеткізу, сондай-ақ жұмыспен қамту және бизнес жүргізуге жағдай жасауға қатысты болды.
Облыс әкімінің орынбасары кәсіпкерлікті қолдау бағытында өтініш иелеріне нақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ мәселелерді тікелей өз бақылауына алып, жауапты басқарма басшылары мен мекемелерге зерделеу жұмыстарын жүргізіп, мәселенің заңды шешілуі үшін тиісті тапсырмалар берді.