Облыстық білім басқармасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы түнгі рейдтік шаралар кезекті рет ұйымдастырылды.
Рейд барысында белсенді ата-аналардан құралған әкелер пулы, білім беру ұйымдарының өкілдері, тәрбие орталығының мамандары және облыстық полиция департаментінің қызметкерлері бірлесіп, қала мен шет аймақтарды аралады. Қоғамдық орындар, ойын-сауық мекемелері мен компьютерлік клубтар бақылауға алынды.
Нәтижесінде беймезгіл уақытта тұрғын жайдан тыс жерде жүрген жасөспірімдер анықталып, олардың ата-аналарына ескерту берілді. Сонымен қатар, заң талаптары түсіндіріліп, бала қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау қажеттігі атап өтілді.
Айта кету керек, рейдтік шаралар 25 мамырға дейін тұрақты түрде жалғасады. Негізгі мақсат – жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және құқықбұзушылықтың алдын алу.
Құрметті ата-аналар! Балаларыңыздың бос уақытын бақылауда ұстап, олардың түнгі уақытта қараусыз жүруіне жол бермеулеріңізді сұраймыз.
